Шахтинскте зейнеткердің үйінен планшет ұрлаған көршісі ұсталды.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті, Шахтинск қалалық полиция бөліміне 69 жастағы зейнеткер арызданды. Жәбірленуші азаматшаның жер үйде тұратыны белгілі болды. Ол сол күні он бес минутқа үйінен шығып кеткен. Сол арада белгісіз ібреу оның үйіне кіріп, құны 108 мың теңге тұратын планшетін ұрлап кеткен.Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «ізін суытпай» осы іске қатысы бар деген күдікпен зейнеткердің 29 жастағы көршісі ұсталды. Ол жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді.Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Қызмет бағыты