Полицейлер қарағандылық тұрғынға ұрланған велосипедін қайтарып берді.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 34 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші азаматша тәртіп сақшыларына белгісіз біреу көпқабатты үйінің дәлізінен велосипедін ұрлап кеткені туралы хабарлады. Келтірілген шығын көлемі 55 мың теңгені құрады. Криминалдық полиция қызметкерлерімен аталған қылмысты ашу бойынша жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы азамат ұсталды. Ол қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.