Қарқаралы ауданында тіркелмеген қарумен суыр аулауға шыққан азамат ұсталды.

7 тамыз күні таңертеңгілік уақытта Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының тәртіп сақшылары жол талғамайтын автокөлікті тоқтатқан. Аталған көлікпен үш азамат суыр аулап келе жатқан. Көлікте оптикалық көрінісі бар «Восток» және «Соболь» мылтықтары, 5,6 калибрлі 32 оқ-дәрі, биноколь, жинамалы пышақ және 5 дана суыр болды. Алайда, көліктегі азаматтардың ешқайсысында аң аулауға болатын рұқсат қағаздары болмаған. Азаматтардың біреуі «Соболь» маркалы мылтығының құжаттарын үйінен көрсетсе, екінші жолаушы «ТОЗ-66» маркалы қаруының құжаттарын полицейлерге көрсетті. Алайда, көлікте болған 59 жастағы азаматта оптикалық көрінісі бар «Восток» маркалы мылтығына ешқандай құжаттары болмады. Айта кету керек, 59 жастағы азамат мал ұрлығымен айналысқаны және заңсыз қару сақтағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан шектеліп, пробациялық бақылауда жүргені анықталды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлерімен көлікті тексеру жұмыстары барысында аң аулаумен айналысқандардан бөлшектелген Ғ1 қол гранатасы, мылтық атуға арналған қолдан жасалған станок, мылтықтың қосалқы бөлшектері: тылдық дүмбі, триггер қапсырмалары, ысырма, соққы-триггер механизімінің бөліктері, 8 оқ ататын мылтық бөліктері, АК-74 бакалит магазині, мылтыққа арналған тапанша тұтқалары, 3 пышақ, 8 мм калибрлі "Perfecta" револьверінің барабаны, оптикалық бекіткіштер, мылтықтарға арналған қақпақтар, белдіктер, қор (қаңқа түрі) жасауға арналған үлгі, 12 мм калибрлі 20-гильза, тапанша дүкені, "Perfecta" тапаншасы (2017 жылы Ресей Федерациясында ұрланған), тіркелмеген "МЦ-2112 " маркалы тегіс ұңғылы қару тәркіленді. Аталған дерекке байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 287 бабы 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, 59 жастағы азамат пробациялық бақылау ережесін бұзғаны үшінде жауапкершілікке тартылатын болады.