Қарағанды облысының полицейлері кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысуымен 81 құқық бұзушылық анықтады

Қарағанды облысы аумағында республикалық «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында облыс бойынша кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысуымен 81 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. -Оның 72 құқық бұзушылығы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442 бабына сәйкес, яғни балалардың түнгілік уақытта заңды тұлғаларысыз көшеде жүру. Сонымен қатар 16 кәмелеттік жасқа толмаған және ата-аналық міндеттерін тиісінше атқармаған 21 ата-ана анықталып есепке қойылды. Полиция бөлімдеріне 65 кәмелеттік жасқа жасқа толмаған бала жеткізіліп, олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар іс-шара барысында есепте тұрған 80 жас өспіріммен 129 қолайсыз отбасы тексерілді,-деді облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Зәрубаев.