Қарағандылық полицейлер ізін суытпай тонау жасаған күдіктіні қолға түсірді

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне түнгі сағат 24.00 шамасында қаладағы дәмханалардың бірінің маңында тонау болғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді. 34 жастағы жәбірленуші полиция қызметкерлеріне түнгілік уақытта дәмхананың жанында ұялы телефонмен сөйлесіп тұрғанда белгісіз біреу артынан келіп, жәбірленушінің бетінен ұрып, ұялы телефонын тартып әкеткен. Оқиға орынын қарау барысында полиция қызметкерлері жәбірленушінің ұялы телефонын тауып алды. Күдікті оқиға орынынан қашқанда телефонды лақтырып кеткен. Ол иесіне қайтарылды. Жедел –іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы күдікті ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.