Балқашта жас қыздың ұялы телефонын тартып алмақшы болған күдікті ұсталды

Қарағанды облысы, Балқаш қалалық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне кешкілік сағат 22.00 шамасында қаладағы көп қабатты үйлердің бірінің ауласында белгісіз біреу жас қызға шабуыл жасағандығы туралы ақпарат түсті. Оқиға орынына берден жедел-тергеу тобы жіберілді. 18 жастағы жәбірленуші қыз полиция қызметкерлеріне үйдің маңында ұялы телефонмен сөйлесіп тұрғанда, белгісіз біреу артынан келіп, құны 400 мың теңге тұратын ұялы телефонын тартып әкетпекші болғанын түсіндірді. Алайда, жәбірленуші оған қарсылық танытып, шу шығарғанда күдікті жымысқы ойын соңына дейін апармай қашып кеткенін айтты. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 45 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-191 бабына сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.