Қарағандыда қайын анасының алтын жүзігін ұрлаған келіні қолға түсті.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Теміржол полиция бөліміне 52 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші азаматша белгісіз біреу пәтерінен алтын жүзігін ұрлап кеткенін көрсеткен. Оқиға орынына тексеріс жұмыстарын жүргізген тәртіп сақшылары ешқандай саусақ іздерін таппады. Өйткені үйдің құлпы бұзылмаған, ал терезеде ешқандай із болмаған. Сондай-ақ, пәтердің іші жинақы тұрған. Осыған орай, тәртіп сақшылары ұрлыққа жәбірленушіні жақсы білетін, осы үйде болып жүргендерден сезіктене бастады. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен жәбірленушінің 26 жастағы келіні ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.