Құрметті қала және облыс тұрғындары!

Құрметті қала және облыс тұрғындары!

Ауа-райының күрт нашарлауына байланысты (бүйірлік жел, қарлы жаңбырдан кейінгі көктайғақ) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысты шектеу енгізілді ; - 16 сәуір күні сағат 20.10-дан бастап "Алматы-Екатеринбург" автожолында (ақылы терминалдан Ақмола облысының шекарасына дейін); - сағат 20.30-дан бастап "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" автожолында (Қарағандыдан Қарқаралыға дейін) - "Астана-Қабанбай Батыр - Нұра-Теміртау" автожолында (Теміртаудан Ақмола облысының шекарасына дейін);
-"Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" автожолында (Ботақарадан Павлодар облысының шекарасына дейін); - сағат 22.00-ден бастап "Қызылорда-Павлодар" автожолында (Қарағандыдан Павлодар облысының шекарасына дейін ); Осыған байланысты, жүргізушілерден мүмкіндігінше елді- мекендер арасында ұзақ сапарлар мен жаяу жүруден бас тартуды сұраймыз. Қауіпсіздік шараларын сақтаңыз! Сақ болыңыз! Ауа-райы жағдайы нашарлаған жағдайда автожолдардағы жағдай халыққа SMS-хабарламалар және әлеуметтік желі арқылы алдын ала жеткізіледі. Төтенше жағдай қызметінің хабарларын қадағалаңыз есіңізде болсын, ауа- райы нашарлаған жағдайда облыс жолдарында қозғалыс шектелуі мүмкін. Қозғалыс шектелген кезде полицияның заңды талаптарына бағынбайтын жүргізушілерге Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 667-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қарағанды облысының Жергілікті полиция басқармасы полицияның заңды талаптарына бағынбаған жағдайларда көлік құралдарының жүргізушілеріне 30 АЕК (айлық-есептік көрсеткіш) айыппұл немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы еске салады.