Балқаш полицейлері ұрланған мүлікті сатып алушы мен ұры ұстады

Оргтехника мен оған керек-жарақтарды сатумен айналысатын ЖШС бірінің басшылығы Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне жүгінген. Кауіпсіздік қызметі сауда орындарының бірінде орын алған екі ұрлық оқиғасы белгілі болды. Оқиға орнында орнатылған бейнебақылау камералары ер адамды түсіріп алған. Екі жағдайда да ол дүкенде тұтынушы ретінде пайда болып, витринадаү құлаққапты ұрлап кеткен. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 83 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 33 жастағы ер адамды ұстады. Ол ұрланған мүлікті белгілі бір қала тұрғынына сатқанын түсіндіріп, кінәсін мойындады. Полиция бұл адамның кім екенін анықтады. 59 жастағы сатып алушының тұрғылықты жерінен есірткі заттары бар медициналық таблеткалар, 271 ұялы телефон, құрал-саймандар – тегістеуіш, электр бұрғы, ара, кілттері бар жинақ табылып, тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 196-бабы “Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктiиемдену немесе өткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қызмет бағыты