Балқаш полицейлері марафондық жүгіру ұйымдастырды

Балқаш полицейлері марафондық жүгіру ұйымдастырды

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Балқаш қаласының полицейлері спорттық іс-шара ұйымдастырды. Үстеріне ақ футболка, қолдарына еліміздің көк байрағын ұстап, қаланың басты көшесімен жүгіріп өткен полицейлерді қала жұртшылығы да қолдады. – Спорт – денсаулық кепілі. Өскелең ұрпақтың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру – басты міндетіміз, – дейді ұйымдастырушылар. Айта кету керек жаз басында полиция қызметкерлері бұндай спорттық іс-шараны балалар арасында өткізген болатын.








Қызмет бағыты