Қарағанды облысында "Абайлаңыз-балалар" акциясы аясында бірнеше конкурс өткізілуде.

Қарағанды облысында "Абайлаңыз-балалар" акциясы аясында бірнеше конкурс өткізілуде.

Қарағанды облысында «Абайлаңыз – балалар!» республикалық акциясы өтуде. Іс-шара аясында Қарағанды облысы Абай ауданы ПБ қызметкерлері жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында жолда жүру ережелерін түсіндіру бойынша әңгімелер мен лекциялар жүргізуде, көлік жүргізушілеріне жол жүру ережелерін сақтау бойынша жадынамалар таратылды.
Әкімшілік полиция қызметкерлері жол және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесе отырып, Абай қаласы және ауданның елді мекендеріндегі мектептердің, мектепке дейінгі мекемелердің, балалар қосымша білім беру ұйымдарының маңындағы жол желісінің жай-күйіне және көлік қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарының жұмысына тексеріс жүргізуде.
Тексеру нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға балалардың жаяу жүргіншілер қозғалысына қауіпсіз жағдай жасау бойынша ұсыныстар жіберіледі.
Сонымен, 26 сәуірден бастап Абай ауданы ПБ «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты балалар суреті байқауын жариялады. Оған 29 орта мектеп қатысуда. Бүгінгі таңда байқауға қатысушылар 30-дан астам сурет салған. Байқау соңында жеңімпаздар жүлделер мен сыйлықтарға ие болады.
28 сәуір күні Абай қаласының мәдениет үйінде бастауыш сынып оқушылары үшін жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша бейнероликтер көрсетілді. Осы күні қаладағы Жеңіс саябағында полицейлер балаларды оқыту курсын ұйымдастырды. Балаларға жаяу жүргіншілер өткелінен қалай өту керектігі, жол ережесін бұзбай велосипед пен скутермен қалай жүру керектігі анық көрсетілді.Осылайша, оларға көшеде қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын үйретеді.
Сонымен қатар, Облыстық полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы қала балалары арасында ЖҚЕ бойынша «Бала көзімен» атты сурет байқауын жариялады. 7-10 жас және 11-14 жас санаттары аралығында өткізіледі.
Сондай-ақ «Жүргізушілер назарына!» мазмұндама байқауы жарияланды, оған 10-13 және 14-16 жас аралығындағы балалар қатысады.
Байқауға қатысуға өтінімдер мен байқауға қатысушылардың жұмыстары 29 сәуір мен 13 мамыр аралығында "krgdvd@mail.ru" электронды мекенжайына қабылданады.
Барлық түскен жұмыстар облыстық ПД ресми Instagram парақшасында жарияланатын болады.


Қызмет бағыты