Қарағанды тұрғынын көшеде тонап кеткен күдікті ұсталды

Қарағанды тұрғынын көшеде тонап кеткен күдікті ұсталды

1 сәуірде Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне 28 жастағы ер адамнан арыз түсті. Өтініш беруші 20.00 шамасында құрылыс ғимаратының қасынан өткен кезде оған күтпеген жерден белгісіз біреу шабуыл жасағанын айтты. Ол жәбірленушіге дене жарақатын салып, ақша қаражатын, ұялы телефонын алып, қашып кеткен. Шығын 56 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері "ізін суытпай" 32-жастағы күдікті ер азаматты анықтады және ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Жәбірленушінің ұялы телефоны-заттай дәлелдеме алынды.
ҚР ҚК 191 бабы"Тонау" бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Қызмет бағыты