Қарағандыда кәмелеттік жасқа толмаған баладан ұялы телефон ұрлаған Теміртаулық ұсталды

8 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 40 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу қоғамдық көлікпен сабақтан келе жатқан 16 жастағы қызының ұялы телефонын ұрлап кеткені туралы арызданды. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 76 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 17 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді ісшаралар барысында, осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны ұсталды. Ол, ұрлық жасау үшін Қарағандыға арнайы келгендігі туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Ұрланған ұялы телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.