Қарағандыда ер адам өзі жұмыс істеген кәсіпорында ұрлық жасады

24 ақпанда Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне сауда кәсіпорнынан белгісіз адам қоймаға ұрлық жасап, металл бұйымдарын ұрлап кеткені туралы хабарлама түскен. Келтірілген шығын көлемі 32 мың теңгені құрады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтап, осы кәсіпорында қарауыл болып жұмыс істейтін 56 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Заттай айғақ алынды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Қызмет бағыты