Сәтпаев қаласының полицейлері ұрлық фактісінің алдын алды

Сәтпаев қаласының полицейлері ұрлық фактісінің алдын алды

6 ақпан күні Қарағанды облысы, Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық фактілерінің алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізді. Іс-шараны өткізу барысында қала көшелерінің бірінде мекеменің бұрынғы әкімшілік ғимаратының шатырын бұзып жатқан екі азаматты байқаған. Полицейлер сол жерден күдік тудырған 26 мен 31 жас аралықтарындағы қала тұрғындарын ұстады. Олар мекемеден құрылыс материалдарын заңсыз алып жатқаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Күдіктілердің әрекеттерін анықтау мақсатында полицейлер оларды бөлімшеге жеткізді. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.