Қарағанды қаласындағы бизнес-орталығында болған жанжал пышақ жарақатын салумен аяқталды

Қарағанды қаласындағы бизнес-орталығында болған жанжал пышақ жарақатын салумен аяқталды

21 қаңтар күні сағат 11.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне қаладағы бизнес-орталықтарының бірінде жанжал шықты деген хабарлама түсті. Оқиға  орынына жедел-тергеу тобы жіберілді. Полиция қызметкерлерімен бетінде медициналық маскасы бар белгісіз азамат Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің 55 жастағы директорын қағып кетіп, екеу ара жанжал шыққан. Жанжал барысында күдікті 55 жастағы азаматқа қалтасындағы пышақты алып дене жарақатын келтірген. Жәбірленуші алған дене жарақатымен ауруханаға түскен. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен «ізін суытпай» 30 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қызмет бағыты