Қарағандыда көлік салонынан қымбат ұялы телефон ұрлап кеткен

5 қарашада Қарағанды қаласы ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 25 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша белгісіз біреу құны 460 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткенін. Белгілі болғандай, жәбірленуші көлігін сауда үйлерінің бірінің жанына қойып, сауда үйіне кірген. Қайтып келгенде, ол ұялы телефонының жоғалып кеткенін байқаған.
Жедел-іздестіру тобының қызметкерлері күдікті 28 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады. Айғақты зат тәркіленді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Қызмет бағыты