Теміртауда көршісі зейнеткердің банк картасынан ақша ұрлады

11 қазанда 76 жастағы қала тұрғынынан Қарағанды облысы Теміртау қалалық ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне арыз түсті. Зейнеткер белгісіз біреудің банктік картасынан зейнетақыны - 76 мың теңгені ұрлап кеткенін айтты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188 -бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
14 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметінің қызметкерлері күдікті 40 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Анықталғандай,күдікті жәбірленушімен көрші тұрады және оған көмек көрсетемін деген желеумен бірнеше рет үйіне барған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Қызмет бағыты