Жезқазғанда зейнеткердің банктік картасын ұрлап, есепшоттан барлық қаражатты шешіп алған ұры ұсталды

11 мамырда 80 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Жезқаған қаласының ПБ-на арызданды. Зейнеткер өзінің саяжайында үнемі болатындықтан құжаттары және зейнетақы алатын банктік картасын саяжайда сақтаған. Бірде жәбірленуші қалаға жұмыстарымен барып, түнеп қалған. Қария саяжайға оралып, бау-бақша жұмысымен айналысып жүрген кезде, оның ұялы телефонына 47 мың теңге шоттан барлық қаражаттың алынғаны туралы SMS хабарлама келген. Саяжай иесінің жоқтығын пайдаланған біреу, саяжайға кіріп, банк картасын ұрлап кеткені анықталды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.5 маусымда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті - 36 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.