Қарағандыда ЖҚАЖ(жылдам қимылдайтын арнайы жасақ) қызметкерлері мейрамханалардың бірінің жанында атыс бастаған екі ер адамды ұстады

23 қаңтарда Қарағанды қаласының ПБ-ның Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне мейрамханалардың бірінің аумағында атыс болғаны туралы ақпарат түсті. Тергеу-жедел тобы, сондай-ақ ЖҚАЖ жауынгерлері жедел іздестіру кезінде күдіктілерді 26 және 24 жастағы екі ер адамды ұстады. Полиция қылмыскерлер бұзақылық ниетпен аспанға бірнеше рет оқ атқанын анықтады. Олардан тіркелмеген екі травматикалық тапанша алынды.ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» және 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.