Қарағанды учаскелік инспекторлары ұрланған велосипедті тез тапты.

8 сәуірде 39 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің жергілікті полиция бөліміне арызбен жүгінді. Үйдің кіреберісінде тұрған велосипедті белгісіз біреу ұрлап кеткен. Келтірілген шығын сомасы 70 000 теңгені құрайды.Учаскелік полиция инспекторлары жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесін беріп, 44 жастағы ер адам анықталып, күдікті ретінде ұсталды. Ол өзінің кінәсін мойындады. ҚР ҚК 188 бабы 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.