Қарағанды облысының тұрғыны жалдамалы пәтерден теледидар ұрлап кеткен.

Қарағанды облысының тұрғыны жалдамалы пәтерден теледидар ұрлап кеткен.

29 наурыз күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 37 жасар азаматшадан арыз түскен. Жәбірленуші арызында өзіне тиесілі пәтерді уақытша жалға алған ерлі-зайыптыны қылмыстық жауапкершілікке тартуын сұраған. Анықталғандай ерлі-зайыпты жәбірленушінің пәтерін жалдап тұрған. Алғашында пәтерді таза ұстап тұрғанмен, пәтерден шығарда жәбірленушіге тиесілі теледидарды алып кеткен.  Келтірілген шығын көлемі 174 000 теңгені құраған.Жәбірленуші оқиға орынына келген полиция қызметкерлеріне күдіктілер туралы суреттеп қана қоймай, олар туралы қолында бар деректерді берген.Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралар барысында күдіктілер ұсталып, олардан айғақ зат тәркіленді.Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабы 2 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.