Теміртау қаласының тұрғындары егде жастағы азаматшаларға ашық тонау жасаумен қатар пәтер ұрлдығымен айналысқан

Теміртау қаласының тұрғындары егде жастағы азаматшаларға ашық тонау жасаумен қатар пәтер ұрлдығымен айналысқан

5 наурыз күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 68 жастағы азаматша арызбен шағымданған. Жәбірленушінің айтуынша оған белгісіз бір қыз кенеттен шабуыл жасап, ашық түрде қолындағы сөмкесін тартып әкеткен. Оның сөмкесінде 47 мың теңге ақшамен екі ұялы телефоны болған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгені құраған. Полиция қызметкерлеріне жәбірленуші өзіне шабуыл жасаған күдікті шамамен 20-25 жас аралығындағы қыз екенін айтқан. 6 наурыз күні осыған ұқсас жағдай қаланың басқа азаматшасына қатысты жасалған. Жәбірленуші полиция қызмектерлеріне өзіне қатысты екі адам ашық тонау жасағанын айтқан.Барлық факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.13 наурыз күні полиция қызметкерлерімен қылмысты ашу бойынша жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 23 және 32 жас аралықтарындағы екі азаматша анықталып ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін берді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері олардың пәтер ұрлықтарына қатысы бар екендіктерін анықтады. Күдіктілер кілт таңдау арқылы қаладағы пәтерлдердің біріне кіріп, ол жерден құны 150 мың теңге тұратын компьютер ұрлағандықтары белгілі болды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталғандарға қатысты сотпен қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

Қызмет бағыты