Қарағанды облыстық Полиция департаментінде далада адасып кеткен баланы құтқарған полиция қызметкерлерін марапаттады

Қарағанды облыстық Полиция департаментінде далада адасып кеткен баланы құтқарған полиция қызметкерлерін марапаттады

Аппараттық кеңес барысында облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин, Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Жұбаныш Жүнісбековпен кезекші-полицей Қами Өскенбайовты адасып кеткен жас өспірімді іздеп табуда көрсеткен сауатты қызметтері үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Епрлан Тұрғынбаевтың бұйрығымен ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» кеуде белгісімен марапаттады. Сондай-ақ, полиция полковнигі Ерлан Файзуллин өз құқығымен қызметте ерекшеленген полиция қызметерлеріне әрқайсысына 100 мың теңге сыйақы берді. «Ұзақ уақыт аралығында, шаршағанына және күннің суығына қарамастан біздің қызметкерлер жоғалған баланы табу үшін бар күш жігерлерін салды. Олардың табандылық пен төзімділігінің арқасында жас бала дін аман табылды. Сондықтан да Сіздерге барлық мақтаумен құрмет көрсетсек те артық емес»,-деді департамент бастығы Ерлан Файзуллин марапаттау барысында. «Іздестіру жұмыстары өте қиын болды. Біздің ойымызда тек сол баланы тауып аман –есен ата анасына тапсыру ғана мақсат болды. Біз оны жасадық. Біздің орынымызда болған әрбір полиция қызметкері өздеріне жүктелген міндетті бұлжытпай орындайды деп ойлаймын»,-деді марапат иесі Жұбаныш Жүнісбеков.Естеріңізге сала кетейік, 16 ақпан күні Қарағанды облысы, Жаңаарқа аудандық полиция бөліміне 14 ақпан күні ауданға қарасты қыстақтан 16 жасар жасөспірім шығып із-түссіз жоғалып кеткені туралы ақпарат түскен. Аталған ақпарат түссімен полиция қызметкерлерімен оны іздеу бойынша барлық кешенді жұмыстар атқарылған. Іздеу шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Ж.Жүнісбековпен Қ.Өскенбаев баланы тауып оны ата-анасына тапсырды.

Қызмет бағыты