Теміртау қаласында қылмыскер дүкеннен тонау жасап жатқан жерінде қолға түсті

8 наурыз күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына белгісіз азамат сауда орынында сатушымен жанжалдасуда деген ақпарат түсті. Оқиға орынына сол жерге жақын маңдағы қалалық Полиция басқармасына қарасты патрульдік полиция батальонының нараядтары жіберілді. Полиция қызметкерлерінің оқиға орынына жылдам келуінің арқасында қаскөй дүкен кассасынан ашық түрде ақша тонап кетпекші болған әрекетін жүзеге асыра алмады. Дүкеншінің айтуынша сол кезде кассада 65 мың теңге ақша болған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-191 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Қызмет бағыты