Жеке үйден 480 мың теңге ұрлап кеткен күдіктіні ізін суытпай Шахтинск қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері қолға түсірді

8 наурыз күні Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қалаға жақын маңда орналасқан ауылдың 47 жастағы тұрғыны арызбен шағымданған. Жәбірленуші азамат арызында, белгісіз біреу үй есігінде тұрған құлыпты бұзып, үйінен 480 мың теңге ақшасын ұрлап кеткені туралы шағымданған. Қылмыс жәбірленуші жұмыста болған кезде болған. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлерімен ізін суытпай осы іске қатысы бар деген күдікпен 45 жастағы Шахтинск қаласының тұрғыны ұсталды. Күдікті мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Қызмет бағыты