Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ерікті түрде қан тапсырды

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ерікті түрде қан тапсырды

Қарағанды қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қан тапсыру бойынша акция ұйымдастырды. Шараға аталған бөліністің барлық қызметкерлері қатысуда.  Олардың барлығының мақсаты дереу қан қажет болған адамдарға көмек қолын созу. «Мен үнемі қан тапсырамын. Былайша айтқанда кәсіби донормын деп айтуға болады. Менің қаным төртінші топ. Ең сирек және таптырмайтын қан тобы. Қан тапсыру процессін жақсы өткеремін және өзімді жақсы сезініп тұрмын»,-дейді рота командирі Дәулет Ысқақов. Дәулет Ысқақов облыстық қан орталығына алғашқылардың бірі болып келген патрульдік полиция полкінің қызметкері. Оның айтуынша тапсырған қанның арқасында адам өміріне араша түсіп, бір адамның өмірі құтқарылса, акцияның басты мақсаты сол. «Ауа райының күр өзгеруінен жол көлік оқиғалары жиілеп, жарақат алғандардың саны да артуда. Біздің патрульдік полиция жеке құрамы жағынан үлкен бөлініс болғандықтан, облыстық Полиция департаменті және қалалық Полиция басқармасы бастықтарының қолдауымен осындай қан тапсыру акциясын өткізуді қолға алдық. Осы акция өткізу арқылы жол көлік оқиғаларынан зардап шеккен, сондай-ақ облыс және қаламызда қанға зәру адамдарға қан құйу қажеттілігін ескере отырып шараны өткізіп жатырмыз. Акция он күн бойы өткізіледі. Осы күндер аралығында қан орталығына шамамен 25-30 қызметкерден келіп қан тапсырады. Бүгін бұл шараның бірінші күні. Осы сәтті пайдалана отырып, көлік жүргізушілерден жол жүру ережелерін қатаң сақтауды, ал жаяу жүргіншілерден тек белгіленген жерлерден өтуді сұраймын. Барлығына денсаулық, бақыт тілеймін»,-деді патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары Дархан Алюбаев.

Қызмет бағыты