Қарағандыда алаяқ ұсталды.

Өткен жылдың соңынан бастап Қарағанды қаласы ПБ Октябрь полиция бөлімі дүкен иелерінен өтініштер қабылдай бастады. Олардың барлығы алаяқтықтың ерекше әдісін қолданған белгілі бір алаяқтың жеміне түскен. Күдікті көптеген сауда орындарында тауарды мобильді қосымша арқылы төлеу әдісін кең таралғанын жақсы пайдаланған.Ол оннан астам қорап темекі сатып алып, сатушыға сатып алынған тауарлар үшін бұрынғы төлем көрсетілген ұялы телефонын көрсетіп отырған. Жалпы алғанда, полиция бөлімі осындай алты фактіні тіркеді, олар бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алаяқтың іс-әрекетінен келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 50 мың теңгені құрады. Жәбірленушілердің сөздерінен полицейлер 40-45 жас шамасында көрінетін алаяқтың ауызша портретін жасады.13 ақпанда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 45 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап,қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.