Қарағандылық азамат көршісінен банк картасын ұрлап кеткен

Қарағандылық азамат көршісінен банк картасын ұрлап кеткен

Қарағанды ​​тұрғыны көршісінен банк картасын ұрлап, миллионнан астам теңгені иемденіп кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz. 10 желтоқсанда 57 жастағы жергілікті тұрғын Шахтинск қаласының полиция бөліміне хабарласып, белгісіз біреу оның банктік картасын ұрлап, 1 380 000 теңгені шешіп алғаны туралы айтып шағымданды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 29 жастағы күдіктіні ұстады. Ол жәбірленушінің көршісі екендігі анықталды.Күдікті көршісінің өз пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын және сыртқы есіктің біраз уақыт ашық тұрғанын пайдаланып банк карточкасын ұрлап кеткен. ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.