Қарағандылық алаяқ ақтөбе тұрығынынан 67 миллион теңгеден астам ақша алған

Қарағандылық алаяқ ақтөбе тұрығынынан 67 миллион теңгеден астам ақша алған

Ақтөбе тұрғыны қарағандылық алаяққа 67 миллионнан астам теңге беріп алданып қалған, деп хабарлайды Polisia.kz. Полицияның бірнеше рет ескертуіне қарамастан, алаяқтық фактілері өошіп тұр. Сараптама жұмыстары  көрсеткендей, көп жағдайда алаяқтық әрекеттер жәбірленушілерге сенім арту, оларды адастыру және мүлікті иемдену арқылы алдау жолымен жасалған. Мәселен, аймақтық полиция қызметкерлері Ресей Федерациясынан асыл тұқымды ірі қара әкелемін деп уәде еткен жергілікті тұрғынды алдап соққан 31 жастағы қарағандылық алаяқты ұстады. 28 жастағы ақтөбелікке сенім артып, ер адам 67 миллион 411 мың теңге көлеміндегі үлкен ақшаны иемденіп алған. Қазіргі уақытта полиция күдіктінің басқа да осыған ұқсас алаяқтық фактілерінің жасалуына қатысын тексеріп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Мұндай өтініштер полицияға күн сайын дерлік түседі. Қазіргі уақытта барлық түскен өтініштер тіркеліп, олар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.