Қарағанды облысының ДП басшылығы және ардагерлер патрульдік полиция полкінде болды

Қарағанды қаласы ПБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Қайыркен Әлиев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұман Нұрпейісов, ішкі істер органдарының ардагері, ППП-ның бұрынғы командирі Ахат Исин, ПД бастығының кеңесшісі Болат Ахимбеков кездесу өткізді.Ардагерлер патрульдік полиция полкі қылмыспен күресте алдыңғы қатарда екенін атап өтті. Оқиға орнына бірінші болып жететін полк қызметкерлері, тез арада адамның өміріне байланысты шешімдер қабылдауы қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, жақында полктегі полицейлер жас қызды суицидтен, ал былтыр суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалғаны туралы мақтанышпен еске алды.Көп жыл полк командирі болған Ахат Исин жас қызметкерлерге өз тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңес айтты. Полк командирі болған кезде аса қауіпті қылмыскерді жеке өзі ұстап, тұтқындарды босатып алуымен көпке үлгі болған ардагер қызметкерлерге табысты қызмет тіледі.