«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында ағымдағы жылдың 28 мамырынан бастап Қарағанды қаласында қалалық қоғамдық көліктерде және жедел жәрдем автокөлігінде орнатылған жасырын қадағалау аппараттық-бағдарламалық кешендері тестілік режимде жұмыс істей бастайды.


«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында ағымдағы жылдың 28 мамырынан бастап Қарағанды қаласында қалалық қоғамдық көліктерде және жедел жәрдем автокөлігінде орнатылған жасырын қадағалау аппараттық-бағдарламалық кешендері тестілік режимде жұмыс істей бастайды. Бұл кешендерді енгізудің мақсаты жол-көлік оқиғалардың алдын алу. ЖАСЫРЫН БАҚЫЛАУ ӘДІСІ- жазалау құралы емес, облыс жолдарындағы қайғылы оқиғаларды болдырмау және алдын алу жүйесінің элементі болып табылады. Жол ережелерін сақтау -әрбір жүргізушінің қауіпсіздігінің кепілі. Егер әрқайсымыз рөлде, жаяу жүргінші өткелінде және тротуарда мұқият болсақ, біздің елдің жолдары шынымен қауіпсіз болады. Барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырамыз.
27 мамыр 2025
Хабарландыру