Атырау облысы Полиция Департаменті Махамбет ауданы полиция бөлімінің (кеңсе) жетекші маманы
Атырау облысының Полиция департаменті
Атырау облысы
153751
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Функционалды міндеттер
Блок В.
Махамбет ауданы полиция бөліміне түскен құжаттарды қарап, оларды кіріс журналдарына тіркейді. Күн ішінде түскен құжаттарды бөлім бастығына, ол жоқ болғанда орынбасарына баяндайды.Бөлімнің кіріс және шығыс құжаттарымен қолданыстағы істерін жүргізіп, олардың есебі мен сақталуына жауап береді. Бөлімнің номенклатуралық ісін жүргізеді. Құпия іс жүргізуді тексеру бойынша үнемі жұмыс атқаратын комиссия үшін бөлімге түскен құпия құжаттардың тоқсандық кесімін жасақтайды. Бөлім қызметкерлерінен тиісті орындарға жіберу үшін құжаттарды қабылдайды. Жолдануға жататын құжаттарды шығыс кітабына тіркеп, шығыс құжаттарының көшірмесін орындаушыға қол қойдырып береді. Журналдардың есебі мен сақталуын қамтамасыз етеді. Әрі қарай сақтауға жатпайтын құжаттарға кесім жасақтап, жойылғаннан кейін журналдарға белгі қояды. Басылған құпия құжаттардың есебін жүргізіп, олардың сақталуы мен құпиялық тәртібінің бұзылмауына жауап береді. Тарату кітабын жүргізеді. Уақытылы жойылуды қамтамасыз етеді. (Шимай дәптерлер, көшіру құжаттарын және т.б. өртеу жолымен).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 21.11.2022
- Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 85, Атырау облысы Полиция Департаменті
-
8(7122) 98-21-73, 98-20-62