Атырау қаласы полиция басқармасы жедел басқару орталығы ұйымдастырушылық-талдау жұмысы тобының жетекші маманы
Атырау облысының Полиция департаменті
Атырау облысы
153751
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Функционалды міндеттер
Блок В.
Құпия және құпия емес іс қағаздарын жүргізеді. Құпия және құпия емес бұйрық, шешімдердің сақталуына және есебін жүргізуге жауапты болады. Жедел басқару орталығына түсетін кіріс және шығыс хат хабарларды есепке алады. Іс қағаздардың номенклатурасын жасақтайды, номенклатуралық номер бергеннен кейін іс қағазды жауып, мұрағатқа тапсырады. Қызметкерлердің басқа қалалардан келген сұрау салуларының, жоғары тұрған инстанциялардан келген тапсырмалар, бұйрықтар мен өзге де құжаттардың орындалуына бақылау жасайды. ПД 2-ші арнайы бөлімі мен Құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне тапсыру үшін іс-қағаздарын жүргізу саласы бойынша есептер мен мәліметтер жасақтайды. Орындау тәртібіне бақылау жасап, бақылау карточкаларын қояды, бақылаудан түсірілген карточкаларды ОПД 2-ші арнайы бөлімі мен Құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне тапсырады. Жедел басқару орталығы қабылдау бөлмесіндегі құрал жабдықтарға және компьютерге жауапты болады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 21.11.2022
- Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 85, Атырау облысы Полиция Департаменті
-
8(7122) 98-21-73, 98-20-62