Атырау облысы полиция департаменті Жылыой ауданы полиция бөлімі кеңсесінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Атырау облысының Полиция департаменті

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

180517

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Құқық (білім саласы)
  • Ақпараттық жүйелер

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Блок В.

Жылыой ауданы ішкі істер бөліміне түскен құжаттарды қарап, оларды кіріс журналдарына тіркейді. Күн ішінде түскен құжаттарды бөлім бастығына, ол жоқ болғанда орынбасарына баяндайды. Бөлімнің кіріс және шығыс құжаттарымен қолданыстағы істерін жүргізіп, олардың есебі мен сақталуына жауап береді. Бөлімнің номенклатуралық ісін жүргізеді. Құпия іс жүргізуді тексеру бойынша үнемі жұмыс атқаратын комиссия үшін бөлімге түскен құпия құжаттардың тоқсандық кесімін жасақтайды. Бөлім қызметкерлерінен тиісті орындарға жіберу үшін құжаттарды қабылдайды. Жолдануға жататын құжаттарды шығыс кітабына тіркеп, шығыс құжаттарының көшірмесін орындаушыға қол қойдырып береді. Журналдардың есебі мен сақталуын қамтамасыз етеді. Әрі қарай сақтауға жатпайтын құжаттарға кесім жасақтап, жойылғаннан кейін журналдарға белгі қояды. Басылған құпия құжаттардың есебін жүргізіп, олардың сақталуы мен құпиялық тәртібінің бұзылмауына жауап береді. Тарату кітабын жүргізеді. Уақытылы жойылуды қамтамасыз етеді. (Шимай дәптерлер, көшіру құжаттарын және т.б. өртеу жолымен).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 04.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.11.2022 – 15.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

21.11.2022

Сұхбаттасу орны

Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 85, Атырау облысы Полиция Департаменті

Анықтама алу үшін байланыс

8(7122) 98-21-73, 98-20-62