Атыраулық жас полицейлер ант қабылдады
7 мамыр Отан қорғаушылар күні қарсаңында Атырау облысы полиция департаментінің қатарын көбейткен жас қызметкерлердің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті.
Ант беру - халыққа және елге адал қызмет етудің белгісі және де халық алдында адал қызмет етуге ант берген қатардағы әрбір тәртіп сақшысына үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Салтанатты рәсімге Атырау облысы Полиция департаменті басшылығы және Ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Полиция қызметіне жаңадан қосылған қызметкерлерді айтулы күндерімен Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Бақтығалиұлы Үмбетқалиев құттықтап, өздерінің қызметтері мен азаматтық борыштарын абыроймен атқаруларына тілек білдірді.
