«Халықаралық музей күні»

«Халықаралық музей күні»

    Республикамыздағы барлық мұражай қызметкерлерін «Халықаралық музей күні» мерекесімен құттықтаймыз. Әлем 1977 жылдан бастап мамырдың 18 күні осы мерекені атап келеді. Биылғы мереке әлемде орын алған жағдайға байланысты ерекше форматта өтіп отыр. Музей қызметкерлеріне бұл да бір сынақ – аз уақыт ішінде біліктіліктің жаңа белестері бағындырылуда. Қарапайым экспозициялар толыққанды дәрістерге ауыстырылып, берілген мәліметтер тереңдетілді. Мәдени мұрамызды сақтап, қоғам деңгейін көтеретін, отанымыздың мәдениетін шетелдерге таныстырып, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін музейлеріміз мемлекетіміздің қазынасы екені сөзсіз.