"Светлый" ТК тұрғындары "Есіл" ПБ қызметкерлеріне "аулалардағы қабылдау" акциясын өткізгені үшін алғыс білдіреді. Естеріңізге сала кетейік, аталған іс-шараға полиция қызметкерлерінен басқа Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қызметкерлері мен "Nur Otan" партиясы қалалық филиалының өкілдері қатысады. Акция аясында полиция қызметкерлері тұрғындарға түрлі мәселелер бойынша кеңес беріп, құқық бұзушылықтар үшін құқық пен жауапкершілік бойынша бірнеше рет жұмыс жүргізуде. Әрбір өтінішті полиция қызметкерлері бақылауға алады, тексерулер жүргізіліп, шаралар қабылданады.
