Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек ретінде" код сөзі" ойластырылды

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің жеке құрамы және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөліністің қызметкерлері әйелдерге қатысты қылмысты алдын алу және жолын кесу бойынша мақсатты жұмыстар атқаруда.
Отбасындағы психологиялық жайсыздық көбінесе ауыр салдарға әкеп соғады. Көпшілік жағдайда әйелдер зардап шегеді. Өмірдің қиын жағдайына тап болған әйелдермен жұмыс істейтін ӘЗЗҚЖ инспекторлары дене жарақатын келтіру секілді осындай қылмыс түрлері күн сайын жасалады деп атап өтті.
ӘЗЗҚЖБ аға инспекторы Гүлмира Шрахметованың айтуынша әйелдерге қатысты қылмыстарды алдын алу және жолын кесу бойынша азаматтар арасында ақпараттық, білім беру, құқықтық түсіндіру жұмыстарын өткізумен қатар бөлім инспекторлары өмірдің қиын жағдайына тап болған әйелдерге көмек көрсету бойынша жаңа әдістер енгізуде.