Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша шараларды күшейту мақсатында елордада «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Полиция қызметкерлері қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде тұрғын үйлерді қарап тексеруде. Іс-шара басталғаннан бері учаскелік полиция инспекторлары 67 мыңнан астам пәтерді, оның ішінде 9 мыңнан астамы жеке тұрған үйлер мен 2,6 мың саяжай үйлерін аралады. Базарларда, СҮ, ТҚС және өзге де жерлерде өндірістік емес тауарлардың сатылуына шамамен 1340 рейд өткізілді.
«Учаске» ЖПІШ кезінде түрлі бұзушылық үшін 4879 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде жалпыға ортақ орындарды ластағаны үшін 426 адам және қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді қолданғаны үшін 673 адам жауапқа тартылды. Бұдан басқа, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқыққа қайшы әрекет жасағаны үшін 53 жанжалқор ұсталды.
Қызмет бағыты