Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері елорда аумағында қылмыс жасады деген күдікпен 6 заңсыз келуішіні ұстады

Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері елорда аумағында қылмыс жасады деген күдікпен 6 заңсыз келуішіні ұстады

Үш күн бойы өткізілген «Базар» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қылмыстың жасалуына қатыстылығын анықтау үшін 268 тұлға тексерілді. Оның ішінде қылмыс жасады деген күдікпен 6 тұлға анықталды. 2 қылмыс ашылды.
ЖПІШ барысында полиция қызметкерлері қаланың базарларында тексеру жұмыстарын жүргізді. Ұялы телефондарды сатып алу және сату бойынша 40 бутик, оларды жөндейтін 34 шеберхана тексерілді. «Криминалдық зат» санаты бойынша 1800-ден астам ұялы телефон тексерілді. 9 телефон тәркіленді және өндірістегі қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Операция барысында 20 адам есепке қойылды. Оның ішінде 5 адам «ұрланған телефондарды сатып алу және сатумен айналысатын тұлға» санаты бойынша есепке қойылды.
Полиция департаменті іс-шара бөтеннің мүлкін ұрлаудың жолын кесуге бағытталған және үнемі өткізіліп тұрады деп атап өтті.