Тылмен жабдықтау бөлімінің күнделікті қызметі

Жарияланған күні: 26 тамыз 2021

Бүгін «БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТ» айдарында Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы ПБ-ның тылмен жабдықтау бөлімінің күнделікті қызметі туралы айтқымыз келеді.
Бұл бөлім тұтастай ПБ автокөліктермен қамтамасыз етіп қана қоймай, ғимаратқа, қауіпсіздікке, бақылау өткізу пунктіне жауап береді, сонымен қатар азаматтардың тәртібі мен қабылдауын назарда ұстайды.
ПБ тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі ауыртпалығы осы бөлім қызметкерлеріне жүктеледі. Оқиға орнына дереу түрде жедел-тергеу тобын жеткізетін, автокөліктердің техникалық жағдайын сақтайтын, сонымен қатар құқық бұзушыларды ұстау барысында кәсіби көмек көрсететін ТЖБ автокөліктер жүргізушілерін атап өткіміз келеді.