Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл
Бүгінгі таңда халықты толғандыратын мәселелердің бірі - интернет-алаяқтық.
Ол бүкіл әлемде, соның ішінде ең технологиялық дамыған мемлекеттерде де кең таралған.
Азаматтарға кредиттер мен қарыздарды ресімдеуге, сондай-ақ олардың банктік жинақтарын ұрлауға байланысты интернет-алаяқтықтың көпшілігін «шетелдік қылмыскерлер» жасайды. Олар жақын және алыс шет елдерде тұрақты орналасқан "Call-орталықтар" қағидаты бойынша жұмыс істейтін трансұлттық Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамына кіреді.
Оларға қарсы тұру үшін елде «Киберпол» жобасы енгізілді. Аталған жоба Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде іске асырылды және барлық өңірлер бойынша масштабталды.
Жоба аясында алаяқтар пайдаланатын ауыстырылатын нөмірлерден «шетелдік» қоңырауларды бұғаттау жүйесі сәтті енгізілді. Бұл мұндай қосылыстардың 43 миллионнан астам әрекетін тоқтатуға мүмкіндік берді, нәтижесінде зардап шеккендердің саны 2,5 еседен астам азайды.
Қызметкерлер банктермен және ұялы байланыс операторларымен тікелей байланысады. Бұл азаматтардың ақшасын жоғалту қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша, елден тысқары жерлерге шығару сатысында шамамен 220 млн. теңге бұғатталды, сондай-ақ 850 миллион сомаға залалды өтеу қамтамасыз етілді.
«Киберпол» жұмысының әсері өте айқын, қазірдің өзінде осындай 3 мыңнан астам қылмыс ашылды.
Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл полиция жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Құжаттар
Барлық құжаттарБағыттар:
Интернет-мошенничество
Жаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 21 мамыр 2025БАҚ үшінШымкентте жастар мен полиция бірлесе өзекті мәселелерді талқылады
- 26 қаңтар 2023МақалаларЕнді интернеттегі алаяқтықты ашу бойынша ІІМ қабылдап жатқан шаралар
- 26 қаңтар 2023МақалаларХалықаралық өзара іс-қимыл
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалереяОқиғалар күнтізбесі
Барлық оқиғаҰйымдар
Бағыт бойынша барлық ұйымдарЖиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруАлаяқтардың құрбаны болмас үшін өзіңіздің жеке деректеріңізді, карта реквизиттеріңізді және кодтарыңызды ешкімге хабарламаңыз, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және бөтен қосымшаларды орнатпаңыз, сондай-ақ құпиясөздерді үнемі өзгертіп, шоттарыңыздағы қаражат қозғалысын бақылап отырыңыз.
Банк пен полицияға хабарласу қажет.


