Хабарландыру

Алматы облысы Полиция департаменті "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес жедел ден қою арнайы жасағы инспекторларының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеуді жүргізеді.

Жоғарыда көрсетілген лауазымға орналасуға жоғары білімі немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, мамандықтар бойынша орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін азаматтар (жігіттер де, қыздар да) қатыса алады:

- Құқықтану

- Халықаралық құқық

- Құқық қорғау қызметі

- Бастапқы әскери дайындық

- Дене шынықтыру және спорт

- Әскери мамандықтар

Қарулы Күштер қатарында қызмет өткерген немесе Қазақстан Республикасының оқу орындары жанындағы әскери кафедра курстарын бітірген, сондай-ақ жауынгерлік күрес түрлері және атыс бойынша спорттық, біліктілік разрядтары бар адамдар қатыса алады. Сондай-ақ кандидаттарды іріктеу кезінде кандидаттардың денсаулық жағдайына, дене шынықтыру даярлығына және бойына (ерлер үшін бойы 180 см-ден, әйелдер үшін 170 см-ден төмен емес) аса көңіл бөлінеді.

Конкурсты жариялаған ішкі істер органының атауы: Алматы облысы Полиция департаменті мемлекеттік мекемесі, орналасқан жерінің мекенжайы және пошталық мекенжайы: 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 91/95 үй, мекеменің электрондық мекенжайы: policе_almobl@mail.ru.. мекеменің интернет сайты: http: //mvd.gov.kz/portal/page/portal/almo/MAIN, кадр қызметінің байланыс телефондары мен факс нөмірлері: (7282) 60-88-36, факс 24-22-48

Дата публикации
16 октября 2020