Ақтөбе полицейлері азаматтарды өздерінің қарт туыстарын телефон алаяқтары туралы ескертуге шақырады

Ақтөбе полицейлері азаматтарды өздерінің қарт туыстарын телефон алаяқтары туралы ескертуге шақырады

Полицейлердің ескертулеріне қарамастан, егде жастағы адамдардың алаяқтардың құрбанына айналу жағдайы жиі орын алуда.
Мысалы, 23 қыркүйекте сағат 00.10 шамасында 84 жастағы зейнеткердің үй телефонына белгісіз әйел қоңырау шалып, өзін адвокат ретінде таныстырып және оның қызы жол апатының қатысушысы болғанын, оның кінәсінен адамдар зардап шеккенін хабарлаған. «Адвокат» зардап шеккендерді емдеу және қызын жауапқа тартпау үшін қариядан 9 млн теңге талап еткен және ақшаны алып кетуге жас жігіт келетінін ескерткен.
Зейнеткер келген курьерге 4 млн 700 мың теңге берген.
Жәбірленуші алаяқтардың құрбаны болғанын кейінірек қызына қоңырау шалғаннан кейін біліп, полицияға жүгінген.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және күдікті адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.
Азаматтарды сақ болуға және күмәнді қоңырауларға сенбеуге, эмоцияларға берілмеуге, жақын туыстарының деректерін айтпауға, қарт азаматтарды алаяқтықтың мұндай түрлері туралы ескертуге шақырамыз.

Қызмет бағыты