Әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізу барысында Ақтөбе қаласының тұрғыны инстаграм парақшасына карантин кезінде коворкинг пен кофейняға барғаны және қала ішінде серуендегені туралы постты салғаны анықталды.

Аталған факті бойынша карантиндегі адамдардың тізімінде ақтюбелік азаматшаның тұрмағаны анықталды. Алайда, жылдың басында әйел Азия елдерінің бірінде болған.

Осылайша, оның іс-әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабы "Төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 27 наурызда мамандырылған әкімшілік сотымен ол 3 тәулікке қамауға алынды.

Күн сайын полиция қызметкерлері еріктілермен бірге көшелерде төтенше жағдай режимін сақтауды тексереді. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша төтенше жағдай режимін бұзудың 33 фактісінің алдын алды.

Бұдан басқа жалған және расталмаған ақпаратты тарататын және құқық тәртібін бұзуға итермелейтін азаматтар ӘҚБтК-нің 478-бабы бойынша жауапқа тартылады. Осы бап бойынша 106 мың теңгеге 1 жеке тұлға тартылды.