Ақтөбе облысының бас полицейі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады

Салтанатты шараға облысымыздағы республикалық және жергілікті телеарна, баспасөз бен ақпарат агенттіктердің тілшілері жиналды. Ақтөбе облысы ПД бастығы Абай Жусупов мерекеге орай, БАҚ өкілдеріне кішігірім сыйлық пен алғыс хат табыстады.
Кәсіби мерекемен құттықтай отырып, халық пен билік арасында алтын көпір болған БАҚ-тың қазіргі ақпарат майданында алар орны ерекше екенін атап айтты.
«Тыңдармандар мен оқырмандардың, көрермендердің мұң-мұқтажы, талабы мен тілегі Сіздердің жазған әрбір мақалаларыңызда, дайындаған сюжет пен репортаждарыңызда көрініс табады. Сіздер халыққа нақты да шындық ақапартты жеткізіп, билік органдары мен халық арасындағы байланысты нығайтуға атсалысып жатсыздар. Біз әрқашан сіздермен серіктес болуға, әрдайым көмек қолын соғуға дайынбыз» - деп қоса кетті Абай Жусупов.