12-14 мамыр аралығында "Назар аударыңыз, балалар!" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде

12-14 мамыр аралығында "Назар аударыңыз, балалар!" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде

   Балалардың жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақаттануының алдын алу және білім беру ұйымдарының жанында жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сөзсіз орындау, балалардың өмірі мен денсаулығын cақтау бойынша жұмысты жандандыру мақсатында облыс орталығында 2021 жылғы 12-14 мамыр аралығында "Назар аударыңыз, балалар!" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

        Іс-шара барысында жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерінің талаптарын (жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін, бұзушылықтарды және т.б.) бұзуын анықтауға ерекше назар аударылатын болады.

       Полиция департаменті барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін сақтауды, оқу орындарының жанында мұқият болуды ескертеді, көлік құралын басқару кезінде әсіресе тротуардағы, соның ішінде көп қабатты үйлер мен жеке сектордың аулаларындағы балаларға назар аударыңыз.