Ақмолалық полицейлер екі қылмыс жасауда күдіктіні ізін суытпай ұстады Целиноград ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері қысқа уақыт ішінде кенттердің бірінде бірден екі қылмыс жасаған қаскүнемді ізін суытпай ұстады

Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде күдікті 2-ші топтағы мүгедекке пышақ жарақатын салып, тұрғын үйді өрттеп жібергені туралы үйдің 47 жастағы иесі хабарлады. Содан кейін ер адам жасырынып кеткен.
Үйлердің бірінің ауласында қаскүнем от алдыру құлпында кілті бар оталып тұрған көлікті тапты. Жағдайды пайдаланып, ер адам бұл көлікті айдап әкеткен. Қырқыншы станциядан алыс емес жерде күдікті жол апатына ұшырап, апат орнынан қашып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы елді мекеннің 26 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Аталған фактілер бойынша қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша ҚР ҚК 24 бабы 3 бөлігі - 99 бабы 1 бөлігі «Адам өлтіруге оқталу», ҚР ҚК 200-бабы 1 бөлігі «Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның өртке қатысы бар-жоғы тексеріледі. Тергеу амалдары жүргізілуде.