Абай облысында көлік кузовы мен шассиінің нөмірлерін қолдан жасаумен айналысқан бизнес тоқтатылды.

Абай облысында көлік кузовы мен шассиінің нөмірлерін қолдан жасаумен айналысқан бизнес тоқтатылды.
Абай облысының полиция қызметкерлері ҚР ІІМ арнайы бөлімшесінің көмегімен көлік кузовы мен шассиінің идентификациялық нөмірлерін қолдан жасауға байланысты ірі қылмыстық схеманы әшкереледі. Заңсыз әрекеттер Семей қаласындағы техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде жүзеге асырылған.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Алматы қаласының 40 жастағы тұрғыны күдікті ретінде анықталды. Шұғыл тінту кезінде лазерлі принтері бар жабдық, ноутбук, үш ұялы телефон, сондай-ақ идентификациялық деректерін өзгертуге дайындалып жатқан тоғыз автокөлік тәркіленді.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан күдікті төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе бостандығын шектеу жазасына тартылуы мүмкін, сондай-ақ оның мүлкі тәркіленуі ықтимал.
https://www.instagram.com/abai_department_police/reel/DE4kEB4uHat/